АҚШ-та туристік компаниялардың акциясы төмендеп кетті

Коронавирустың кесірі туристік компанияларға да кері әсерін тигізді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мәселен, америкалық компаниялардың акциялары біршама төмендеп кетті. Жағдайдың қайта күрделене бастауына әуе компаниялары да қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. Омикрон кесірінен шекаралардың жабылуы саланың қайта қалыпқа келуіне айтарлықтай кедергі келтіреді.