Австралияда су тасқынынан екі адам көз жұмды

Австралияның Квинсленд штатында су тасқыны салдарынан 2 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатына нөсер себеп болған. Жапа шеккен өңірден мыңға жуық адам эвакуацияланды. Аймақтағы күре жолдардың көбін су шайып кеткен. Синоптиктер көрші жаңа Оңтүстік Уэльс штатында жаңбыр әлі жауатынын болжап отыр. Сондықтан су тасқыны қаупі сейілмейтінін ескертеді.