Омикрон штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды

Коронавирустың жаңа штамы 20 мемлекеттен табылған, алайда олардың саны тағы да өсуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24» Еuronews-ке сілтеме жасап.

Коронавирустың омикрон штамын Оңтүстік Африка республикасынан анықталған бір аптадан астам уақыт ішінде әлемге жедел таралды. Содан бері көптеген ел Оңтүстік Африкамен арадағы барыс-келіске шектеу қоя бастады. Осы елмен әуе қатынасын тоқтатқан елдің соңғысы Испания болатын. Бұл ел 2-15 желтоқсан аралығында ұшақ қатынасына тыйым салды.

Алайда ДДСҰ «халықаралық сапарларға толығымен тыйым салу коронавирустың таралуын тоқтата алмайды» деп санайды. Сондытқан әлем елдері мүмкіндігінше тұрғындарды вакциналау шарасымен қамтуға тырысып жатыр.

Мысалы, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон қаңтар айының соңына дейін барлық ересектерді ревакциналау мерзімін белгіледі. 11 желтоқсанға дейін жалпыхалықтық локдаунды ұзартқан Аустрия сияқты елдер ірі көлемде айыппұл салу арқылы халықты вакциналауға міндеттеуге кірісті. Грекияда мұндай шаралар тек 60 жастан асқан адамдарға ғана қатысты болмақ. Үшінші екпені алмағандар 16 қаңтардан бастап ай сайын мемлекетке 100 еуро төлейді. Алайда «жаңа штамм қолданыстағы вакциналардан басым түседі» деген қауіп басым. Жақында Moderna биотехнология компаниясының бас директоры Стефан Бансель олардың омикронға қарсы тиімділігіне күмән келтірді.

Оның айтуынша, жаңа штамға қарсы вакциналар жасау үшін бірнеше ай қажет.