Мексикада түрмеге шабуыл жасалып, 9 адам қашып кетті

Мексикада қарулы топ Тула қаласындағы түрмеге шабуыл жасап, алас-күлесте 9 қылмыскер қашып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қаскөйлер алдымен абақты маңында тұрған 2 көлікті жарып, іле-шала ішке ұмтылған. Күзетшілермен атысып, ақыры 9 адамды босатып алып, із суытқан. Полицияның хабарлауынша, олардың арасында қылмыстық топтың басшысы бар. Қазір қашқындарды іздеуге әскерилер жұмылдырылды.

Серхио Меса, жергілікті тұрғын:

- Таңғы 4 шамасында қатты жарылыстан оянып кеттім. Содан кейін атыс басталып, ол бір сағатқа созылды. Бәріміздің зәреміз кетті.