Әлемнің ең қымбат қаласы анықталды

Әлемдегі ең қымбат қала Тель-Авив екен, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Британдық «Economist Group» компаниясының сарапшылары 173 шаһардың рейтингін құрған. Негізі, былтыр Тель-Авив бұл тізімде бесінші орында тұрған еді. Алайда биыл израильдік шекельдің долларға қатысты бағамы өскен. Азық-түлік пен жол ақысы да қымбаттаған. Жалпы, өмір сүру деңгейі қымбат шаһарлардың бұл жолғы бестігіне Тель-Авивтен бөлек Париж, Сингапур, Цюрих пен Гонконг кіріп отыр. Сарапшылар рейтинг құрғанда, азық-түлік бағасы, пәтер ақысы секілді көрсеткіштерді ескереді.