Мексикада мигранттардың бейберекет тіккен шатырлары көбейді

Мексиканың Тапачула қаласындағы мигранттардың бей-берекет тіккен лагерьлері тағы көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Өзге елден ағылған босқындар биліктен елде еркін жүріп тұруға рұқсат беруді талап етіп жатыр. Бұған дейін осы штат билігі мигранттарды басқа өңірлерге жіберуге келісіп, біразын орналастыра алған. Десек те АҚШ-қа өткісі келіп, шекарадан ағылған мигранттар азаяр емес. Салдарынан қала көшелерінде уақытша шатырларда тұрып жатқан босқындар қарасы көп. 

БЛИЦ:

- Біздің қандай жерде тұрып жатқанымызды көрсеңіздерші. Мұндай орындарда санитарлық жағдай нашар болғандықтан балаларымыз жиі аурады. Біз осы елде ұзақ қалғымыз келеді. Биліктен мәселені шешіп, жағдай жасауын сұраймыз.