Колумбияда толассыз жауыннан су тасқыны жүрді

Колумбияның солтүстігінде жауын селдетіп, су тасыды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Табиғат апатынан әсіресе, Медельин қаласы қатты зардап шекті. Тасыған су көліктерді ағызып, қала көшелері лай-батпаққа толған. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Билік табиғат апатының салдарымен күрес бірнеше аптаға созылады деп отыр.