Омикронға қарсы вакцина келесі жылы дайын болуы мүмкін

Коронавирустың омикрон штамына қарсы бустерлік вакцина 2022 жылдың наурызында пайда болуы мүмкін.

Бұл туралы АҚШ-тың Модерна фармацевтикалық компаниясының басшысы хабарлады.

Айтуынша, қолда бар препараттар омикронға қарсы қауқарсыз болса, вирустың нақты бір түріне қарсы бағытталған екпенің болғаны дұрыс. Сонымен қоса өндіруші қазір поливалентті вакцинаны жасап шығарумен айналысып жатыр. Ол вирустың 4 түрлі штамынан қорғанысты қамтамасыз етуі тиіс.

Сондай-ақ...