Африка елдеріне коронавируспен күреске $12 млн бөлінді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африканың оңтүстігіндегі елдерге 12 миллион доллар бөлді. Бұл қаржы коронавируспен күреске жұмсалады.

Өйткені кейінгі аптада мұнда дерт жұқтырғандар қатары бірден 54 процентке өсті. Олар омикрон штамымен байланысты ма, жоқ па – бұл әзірге белгісіз.

Айта кеткен жөн, Африка елдері әлемде вакциналау жағынан кемшін қалып отыр. Бүкіл құрлық бойынша екпенің қажетті екі дозасын қабылдаған тұрғындардың үлесі 10 процентке де жетпейді. Сарапшылар жаңа омикрон штамның тез тарауының да бір себебі осыдан болуы мүмкін деп болжайды.