Абақтыда 40 жыл жазықсыз отырып шыққан америкалыққа 1,7 млн доллар жиналды

1 миллион 722 мың АҚШ доллары. Бұл – түрмеде жазықсыз 40 жыл отырып шыққан қара нәсілді америкалыққа қолдау көрсету үшін жиналған сома.

GoFundMe сайтында жарияланған қайырымдылық акциясы әділетсіздіктің құрбанына айналған Кевин Стрикланд есімді азаматтың жазықсыз екендігі дәлелденген соң ұйымдастырылды. 

Естеріңізге салайық, Кевин Стрикланд 1979 жылы бар жоғы 18 жасында Канзас Ситидегі үш адамды өлтірді деп айыпталып, жазықсыз абақтыға жабылады. Ешқандай физикалық дәлел болмағанымен, жалғыз ақ нәсілді куәгердің сөзіне сүйеніп сот үкім шығарады. Алайда араға талай жылдар салып, азаматша детективтердің қысым жасап, салдарынан жалған куәлік бергенін мәлімдеді. Бостандыққа шыққан Кевиннің қазіргі жасы 62-де және осы уақытқа дейін әділеттіліктің орнайтынына сенген жоқпын дейді.

Кевин Стрикланд, әділетсіздіктің құрбаны:

– Мұндай күннің туарына сенген жоқпын. Полиция офицерлері мені басынып, әділетсіздік қылды. Ол уақытта мұндай дүниелерді жасау оңай болатын. Соттың 1978 жылы шын мәнінде не болғанын анықтап, ақ-қарасын ажыратқаны үшін алғыс айтамын. Менің ісім бойынша сот отырысы болады деген хабарламаны естігенімде, түрмеде опера қарап отырған едім. Істі шынымен қайта қарастырып жатыр дегенге сене алған жоқпын.