Британдық инженерлер ретрокөліктен электрокар жасайды

Британдық инженерлер ретрокөліктерден электрокар жасайды. Экологиялық жобаны қаржылай қолдаушылар да аз емес. Солардың қатарында футбол жұлдызы Дэвид Бекхэм де бар.

Мұндай жобалар Еуропаның өзге елдерінде де қолға алынған. Ал британдық инженерлер өз елі ғана емес, АҚШ-та да осындай кәсіпорын ашуға ынтық. Өйткені Америкада 5 миллион ретрокөлік бар екен.

Жалпы Ұлыбритания ескіні ұқсату арқылы экологияға көп көңіл бөлуші ел. Бұл ел, тіпті, 2030 жылға дейін жанармай не дизельмен жүретін автокөліктерді тіптен сатқызбаймыз деп отыр.