АҚШ-та тағы орман өртенді

АҚШ-та тағы орман өртенді

АҚШ-тың Монтана штатында тағы орман өртенді. 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Дентон қаласына жақын жерде шыққан от 30 шаршы шақырым аумақты шарпып үлгерген. Ондаған ғимарат жанып кетті. Жарақат алғандар туралы ақпар жоқ. Өртпен бірнеше бригада күресіп жатыр. Бірақ мамандар оттың бетін қайтаруға желдің ырық бермей тұрғанын айтады.