«ОМИКРОН» Малайзия мен Шри-Ланкада анықталды

Шри-Ланкада коронавирустың «Омикрон» штамын жұқтырған адамды карантинге жатқызды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Малайзияда да коронавирустың жаңа түрін жұқтыру оқиғасы тіркелді. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. Вирус Оңтүстік Африка Республикасынан келген азаматтан шықты. Онымен қатынаста болған 8 адам анықталып, оқшауланған.

Айта кетейік, бұған дейін корольдік Омикрон штамына байланысты шекара бақылауын күшейткен. Африканың 8 мемлекетінің азаматтарына ел аумағына кіруге тыйым салды

Такеши Касаи, ДДСҰ өкілі:

– Шекаралық бақылау вирустың енуіне тосқауыл қойып, уақыт ұтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әр мемлекет дерттің қайта өршуі мен елге омикрон тарап кететініне дайын болу керек.