Климаттың өзгеруі әлем елдерін алаңдатып отыр

Қазір ғалымдар көмірқышқыл газы шығарындыларын азайтудың тың тәсілін іздеумен әлек, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мысалы, австралиялық ғалымдар жергілікті сыра қайнатушылармен күш біріктіріп, ауаға бөлінетін көмірқышқыл газын азайту ісін қолға алды. Себебі аталған зиянды зат сыра ашыту кезінде өте көп мөлшерде бөлінеді екен. Сондықтан жоба авторлары сыра қайнату цехінде фитопланктоны бар биореактор орнатқан. Бұл құрылғылар екі гектар ағаш алқабымен бірдей көлемде оттегі шығара алады екен.

Оскар Макмахон, Young Henrys негізін қалаушы:

– Өз учаскемізді толықтай бұзып, орнына ағаш отырғызуға болар еді. Бірақ олар өсіп-жетіліп, дәл осындай көлемде қөмірқышқыл газын өңдеп, оттегі шығарғанша, біршама уақыт қажет. Сондықтан біздің жобамыз бұл істе таптырмас шешім болды деп ойлаймын.

ҰЛЫБРИТАНИЯДА УЛЫ ГАЗДЫ АЗАЙТУДЫҢ ТЫҢ ТӘСІЛІН ОЙЛАП ТАПТЫ

N2 Applied–«ЭнТу Эплайд» деп аталатын норвегиялық стартап улы газдар шығарындыларын азайтудың тың тәсілін ойлап тапты. Оған сай, сиыр көңін жасанды найғазайдан өткізіп, оның құрамындағы аммиакты сутек пен азотқа бөлу қажет. Өйткені көп көлемдегі аммиак ауаға тараған кезде басқа да заттармен реакцияға түсіп, адамның көзі мен тыныс алу органдарына зиян келтіреді екен.

Крис Путтик, N2 Аpplied өкілі:

– Бір құрылғы шамамен 200 сиырдың көңін өңдей алады. Ірі шаруашылық орындарында оларды қатар-қатар тізіп қойып, қолдануға болады.

КӨМіРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫН ӨҢДЕЙТІН ӘУЕ ШАРЛАРЫ

Израилде жуырда жаңа стартап пайда болды. Ол ауаға кететін көмырқышқыл газын қайта өңдеумен айналысады. Яғни атмосфераның жоғарғы қабатында қатып қалған газдарды ұстап, оны өндірістік мақсатта қайта қолдану үшін көкке ондаған әуе шарлары жіберілмек.

Надав Мансдорф, High Hopes Labs бас директоры:

– Газ қатуға жақын қалған кезде оны ұстау әлдеқайда жеңіл. Мұндай газды бір-ақ жерден, яғни 50 шақырым биіктіктен табуға болады.

Компаниясы басшысы Надав Мансдорфтың айтуынша, жаңа жүйе сынақтан сәтті өткен және жаппай қолдануға әзір.