ДТҰ Бас ассамблеясы Самарқандта өтеді

Өзбекстан алғаш рет дүниежүзілік туризм ұйымының Бас ассамблеясын өз жерінде өткізеді.

25-сессия 2023 жылы Самарқанд қаласында өтпек. Бұл туралы Мадрид қаласында өткен бас ассамблеясының 24-сессиясы барысында белгілі болды.

Айта кету керек, көне шаһар бұл мәртебеге ие болу үшін Португалия астанасы Лиссабонмен таласқа түскен. Өзбекстан билігі 2021-2022 жылдары аралығында Самарқанд облысында туризмді дамытуға бағытталған 200 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Оның жалпы құны 285 млрд теңгеге жуықтайды.

Азиз Абдухакимов, Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, туризм және спорт министрі:

- Бұндай ауқымдағы шараны өткізу бірінші кезекте президент қойған мақсат міндеттерді орындауға көмектеседі. Ол яғни халықтың табысын ұлғайту. Тағы алдағы уақытта Самарқанд қаласына туристертің ағынын еселеп арттыруға қызмет етеді. Қазір қалада инфрақұрылым жақсарып жатыр. Самарқанд халықаралық әуежайының жаңа терминалы салынуда, жаңа қонақүйлер бой көтеруде, қаланы абаттандыру, тарихи ескерткіштерімізді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әрине бұл жұмыстар осындай кең ауқымды іс-шаралар арқылы өзін өзі ақтайды.