Ауғанстанда әйелдер құқығы туралы жарлық жарияланды

Ауғанстанда билікке келген «Талибан» әйелдер құқығы туралы жарлық жариялады.

Онда басы бос немесе жесір әйелді ешкім тұрмысқа шығуға мәжбүрлей алмайтыны жазылған. Ал қайта некеге тұрған жағдайда мұраның бір бөлігіне ие болады. Алайда бұл құжатта нәзікжандылардың еңбек ету мен білім алу құқықтары жөнінде ештеңе айтылмаған. Билікке келгелі тәліптер әйелдердің құқықтарын едәуір шектеді. Қыздарға арналған мектептердің көбі жабылып, қыз-келіншектердің жұмысқа шығуы мұң болды.