Омикрон штамы әлемнің 40-қа жуық мемлекетінде анықталды

Коронавирустың омикрон штамы әлемнің 40-қа жуық мемлекетінде анықталды.

Әсіресе Африка елдерінде көп тіркелген. Дегенмен, әлемде әлі күнге дейін дельта штамм дес бермей тұр. Салдарынан Еуропада осымен 2 ай қатарынан ауру деңгейі артып барады. Осы ретте француз сарапшылары алдағы 1-2 айда омикрон елде басым штамға айналуы мүмкін екенін ескерткен. Өйткені алдын ала мәлімет бойынша бұл мутация тез жұғады. Десе де, әлі күнге дейін одан ешкім көз жұмған жоқ.   

Мария Ван Керкхове, ДДСҰ-Ң COVID-19 жөніндегі техникалық жетекшісі:

- Біз омикронды жұқтыру деректері әсіресе Африканың оңтүстігіндегі елдерде артып бара жатқанын көріп отырмыз. Демек, ол тез тарайды деген болжам рас болуы мүмкін. Бірақ әлемде қазір дельта штамы басып болып тұр. Екі мутацияның қатар тез тарауы кезінде жағдай қандай болатынын бақылауымыз керек. Қазір тиісті зерттеулер жүріп жатыр. Алайда қандай да бір нәтиже жасауға әлі ерте. Бізге бірнеше күн керек. Алғашында омикрон жеңіл формада өтеді деген болжамдар айтылды. Өйткені басында вирусты негізінен студенттер жұқтырған. Яғни көбі жастар. Ал оларда індет әдетте жеңіл формада өтетінін жақсы білеміз. Бірақ бізге ауыр формадағы оқиғалар туралы ақпарат та келіп түсіп жатыр.

Сондай-ақ...