Швейцария омикрон штамын жұқтырған екі адам үшін 2 мың тұрғынды карантинге жапты

Швейцарияда коронавирустың омикрон штамын жұқтырған екі адам үшін 2 мың тұрғын карантинге жіберілді.

Женевадағы халықаралық мектепте екі адамның бойынан жаңа мутация анықталған. Осыдан кейін басшылық білім беру мекемесінің оқушылары мен қызметкерлерін 10 күнге оқшаулауға бел буды. Карантиндегі 2 мың адамның басым бөлігі балалар.

Айта кеткен жөн, Швейцарияның 5 өңірінде омикронды жұқтыру деректері тіркелген. Осыдан кейін билік Африканың оңтүстігіндегі мемлекеттермен әуе қатынасын уақытша тоқтатып, елге кіру ережелерін қатаңдатты.