Грекияда ревакцинаця мерзімі өгертілді

Грекияда екпенің екінші компонентін алғаннан кейінгі қайта вакциналау уақыты өзгертілді.

Енді препаратты жарты жылдан кейін емес, 3 айдан соң салдыруға рұқсат етіледі. Бұл ереже коронавируспен ауырған адамдарға да қатысты. Олар да емделіп шыққаннан кейін 3 айдан соң екпе қабылдай алады. Биліктің қайта вакциналау мерзімін қысқарту шешіміне коронавирустың омикрон штамының пайда болуы әсер еткен. Жаңа мутация осы Эллада елінде де анықталған.

Айта кеткен жөн, халық саны 10 миллионнан асатын Грекияда тұрғындардың 63 проценті екпенің қажетті екі дозасын да алған. Қаңтардан бастап жасы 60-тан асқан азаматтар вакцинадан бас тартса, ай сайын 100 еуро айыппұл төлейтін болады.