ДДСҰ Сovid-19 вирусына қарсы «Спутник V» вакцинасын инспекциялау мерзімдерін белгіледі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Сovid-19 вирусына қарсы «Спутник V» вакцинасын инспекциялау мерзімдерін белгіледі.

ДДСҰ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қараша айының соңында РТИҚ өкілдерімен кездесу өтті, онда ресейлік препараттың сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі туралы қосымша мәліметтер алу қажеттілігі талқыланды. Сонымен қатар Гамалея атындағы ғылыми орталық директоры Александр Гинцбург «Спутник V» препаратынан бөлек, жасөспірімдерге арналған «Спутник М» вакцинасын шығаруға дайын екенін жеткізді.

Украинада коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік көрсеткіштерінің жоғары деңгейі тіркелуде. Өткен 24 сағат ішінде елде COVID-19 вирусына шалдығудың 13 206 дерегі анықталды, бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайды талдау бойынша өте жоғары көрсеткіш. Пандемия басталғаннан бері инфекция жұқтырудың саны 3 490 855-ке жетті, - деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі. Осы уақыт ішінде 88 002 пациент COVID-19 салдарынан қайтыс болды. 

Сондай-ақ...