Берлинде түнгі клубтарда билеуге тыйым салынды

Берлинде түнгі клубтарда билеуге тыйым салынды. Кеңсе басшысы Кристиан Геблердің хабарлауынша, қала билігі түнгі клубтарды жаппауға шешім қабылдаған. Бірақ корронавирустың таралуына байланысты клубтарда билеуге рұқсат етілмейді, тек ән тыңдап, коктейль ішуге болады.

Тыйым 8 желтоқсаннан 2022 жылдың 2 қаңтарына дейін қолданылады. Десе де, екпе алған және коронавируспен ауырып шыққан адамдардың таза ауада билеуіне мүмкіндік берілген.