Оңтүстік Африкада пандемияның төртінші толқыны басталды

Оңтүстік Африкада коронавирустың «омикрон» штамынан туындаған пандемияның төртінші толқыны басталды.

Жаңа COVID-19 мутациясы туралы хабарланғаннан кейін Оңтүстік Африкада инфекция жұқтыру жағдайлардың көбеюі негізінен коронавирустың жаңа нұсқасынан туындады, – деді ОАР Денсаулық сақтау министрі Джо Фаахла.

«Өткен бейсенбіде елде вирусқа шалдығудың 2 465 жаңа дерегі тіркелді, 3 қарашадағы жағдай бойынша 11 535 дерек анықталды. Тәуліктік өсім жеті күн ішінде 9 000-ға артты», – деп атап өтті министр.

Фаахлдың айтуынша, омикрон нұсқасы тез арада елдің жеті провинциясына таралды және ел билігі бұл процесті бақылау үшін барлық іс-шараларды жасауда.

Германияда SARS-COV-2 жұқтыру деңгейі қайтадан өсе бастады. ГФР-да вирус жұқтырудың жеті күндік коэффициенті 100 мың тұрғынға шаққанда 442,1 мәніне жетті. Роберт Кох институтының мәліметі бойынша, Германияның 6 миллионнан астам тұрғынында covid-19 қоздырғышы анықталды.

Соңғы тәулікте елде коронавирус жұқтырудың 74 352 жаңа жағдайы тіркелді. COVID-19 салдарынан қайтыс болғандардың жалпы саны 102 568 фактіге жетті.