Бельгияда бегемоттардың коронавирус індетіне шалдыққаны белгілі болды

Бельгияда екі бегемот коронавирус індетіне шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Имани және Гермиен есімді жануарларда тұмау белгілері байқалып, ветеринарлар қажетті сынамаларын алды. Қазіргі уақытта жануарлар оқшаулануда, мамандар бегемоттардың ауруға қалай шалдыққандығы жөнінде зерттеу жүргізуде.

Оңтүстік Кореяда «омикрон» штамының таралуына жол бермеу мақсатында шектеулер күшейтілді. Сеулдегі жеке кездесулерге қатысушы адамдар саны қазірдің өзінде 10- нан 6-ға дейін, ал басқа аймақтарда 12-ден 8-ге дейін төмендетілді. Сонымен қатар, 6 желтоқсаннан бастап кафелер мен мейрамханаларға кіру үшін вакцинациялау сертификаты немесе теріс ПТР тестін ұсыну қажет.

Омикрон инфекциясының таралуына алаңдатушылық білдіруіне байланысты Google корпорациясы қызметкерлердің АҚШ-тағы кеңселерге оралуын кейінге қалдырды. Бұған дейін компания қызметкерлерді 2022 жылдың 10 қаңтарынан бастап аптасына 3 күн кеңседе қызмет ету жоспарлаған болатын.