Индонезияда Семеру жанартауы атқылап, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Индонезияда Семеру жанартауы оянды. Жанартаудан атқылаған от пен күл 12 метр биіктікке дейін көтерілген.

Жанартаудың кенеттен атқылауынан үрейленген тұрғындар өзге елді мекендерге, соның ішінде Лумаджанг ауданы аумағына қашып жатыр.

Елдің табиғи апаттардың салдарын жою агенттігі (BNPB) әзірге ғимараттың зақымдануы немесе құрбан болғандар туралы хабарламады. Ал жергілікті төтенше жағдайларды басқару агенттігі эвакуациялық шатырлар орнатып жатқанын мәлім етті.

 

Сондай-ақ...