Оңтүстік Африкада вирус жұқтырғандар арасында бала көп

Оңтүстік Африка Республикасында балалар арасында коронавирус жұқтыру деректері көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Өткен айда мұнда алғаш рет омикрон штамы анықталған еді. Мамандар кішкентай науқастар санының артуы мен жаңа мутация арасында байланыстың бар жоғын анықтауға кірісті. Қазір ауруханада ем алып жатқандардың 7 процентінің жасы әлі 9-ға келмеген балалар.

Бір айта кетерлігі, көбінің ауруы жеңіл формада өтіп жатыр.