434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Индонезияда жанартаудың атқылауы кезінде 13 адам көз жұмды

  • 101
  • UPD: 11:35, 05.12.2021
Индонезияда жанартаудың атқылауы кезінде 13 адам көз жұмды

Аймақтағы Семеру жанартауының атқылауы әлі тоқтаған жоқ. Соңғы мәлімет бойынша 13 адам көз жұмып, 100-ге жуығы жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Билік жақын маңайдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Алайда жанартау түтінінен көру мүмкіндігі нашарлап, эвакцуациялау жұмыстары қиындап тұр.

Айта кеткен жөн, Индонезияда 130-ға жуық белсенді жанартау бар. Солардың бірі – осы Семеру. Биіктігі 3 жарым мың метрден асатын жанартау биыл қаңтардан кейін алғаш рет кеше атқылай бастаған. 

Инда Масдар, Лумаджанг ауданы басшысының орынбасары:

– Ондаған адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Арасында жағдайы ауыр науқастар бар. Жанартауға жақын орналасқан ауылдың тұрғындарын эвакуациялап жатырмыз. Барлығы дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы