434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Украинада азық-түлік қымбаттады

  • 126
  • UPD: 13:25, 05.12.2021
Украинада азық-түлік қымбаттады

Елдегі қымбатшылыққа көгілдір отын бағасының тұрақсыздығы әсер етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бір жылда өнеркәсіптік нысандар тұтынатын газ бағасы төрт есе өскен. Қуат көзінің құны да құбылып тұр. Жыл басында көгілдір отынның 1 мың текше метрі 8 мың гривень болса,  қазір 35 мың гривеньге дейін қымбаттады. Сәйкесінше азық-түліктің бағасы да бірнеше есеге өсті. Әсіресе, қант, жұмыртқа және өсімдік майларының бағасы 70 процентке артқан.

– Баға қатты көтерілді, қатты.Күнбағыс майынан бастап, барлық тауар түрлерінің бағасы артты. Гречканың күні кеше ғана 5 гривеньге артқанын байқадым.

– Тауық, сиыр еті, сүт, көкөніс және жемістердің бағасы артты.

– Барлық сүт өнімдері мен нанның бағасы көтерілді.

Азық-түлік бағасының өсіміне екі жыл бұрын басталған ковид пандемиясы да кері әсерін тигізді,- дейді ел экономистері. Шағын кәсіпкерлер карантиннен кейін бизнесін қалпына келтіре алмай дағдарысқа тап болды. Өткен жылы он мың кәсіпорын жабылды. Жалпы Украинадағы бизнестің бестен бірі Киевте шоғырланған.

Максим Жук, экономист:

Азық-түлік бағамы энергия құнының өсіміне тікелей байланысты. Сүт пен жұмыртқаның бағасы қымбаттады. Яғни күнделікті тұтынатын тауардың бағасы Украинада тұрақсыз. Тауардың бір түрі қымбаттаса, екіншісінің де бағасы көтеріледі. Мұндайда домино принципі жұмыс істейді.

«Украинадағы газ бағасы тікелей еуропалық хабқа тәуелді, сондықтан баға ай сайын құбылып отыратыны заңдылық»,- дейді сала мамандары. Бұл ретте тұрғындар мемлекеттен карантин кезінде көгілдір отынның бағасын тұрақтандыруды сұрайды. Өйткені газ қымбаттаса, елдегі азық-түліктің де бағасы шарықтап шыға келеді.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петр Борейко

 

Хабар 24 телеарнасы