АҚШ-та ер адам ұшақ орнынан қозғала берген сәтте секіріп кетті

Аризона штатындағы Финикс Скай-Харбор халықаралық әуежайында орнынан қозғалып, ұшуға бет алған ұшақтан секірген ер адам туралы сол өңірдегі CNN агенттігі хабарлады.

Оқиға Колорадо-Спрингс бағытында ұшып келе жатқан 4236 рейсінде болған. «Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ келген жолаушылар үшін шығу жолдарының біріне қарай жылжып бара жатқанда, борттағы жолаушы ұшақтың артқы бөлігіндегі люк арқылы шыққан» - делінген. Содан кейін капитан ұшақты тоқтатып, авиациялық-диспетчерлік қызметті хабардар еткен. Ер адам ұшу-қону жолағына құлап, аяғын жарақаттап алған.

Әуежайда орналасқан өрт сөндіру бөлімі өкілінің айтуынша, тәртіп бұзған адам ғимаратқа өзі жетіп, бөлмелердің біріне кірген де есікті ашпай қойған. «Бірнеше минуттан кейін өрт сөндірушілер ер адамды есікті ашуға көндірген, содан кейін тексеріп, қажетті көмек көрсеткен және аяғын жарақаттап алғандықтан, оны ауруханаға жеткізген», - деп толықтырды мамандар.