Францияда бір тәулікте 50 мыңнан астам адамға ковид жұқты

Францияда эпидахуал күннен күнге нашарлап барады. Кейінгі тәулікте 52 мыңға жуық жаңа дерек расталды.

Бұл көктемнен бергі ең жоғары көрсеткіш. Ауруханалардағы төсек-орынның 40 процентін ковид-науқастар алып жатыр. Ол аздай медицина қызметкерлері тапшы. Өйткені денсаулық сақтау саласына салмақ түскесін біраз маман қызметінен өз еркімен кетті. Кей дәрігерлер вакцина салдырудан бас тартқаны үшін жұмыстан шеттетілді. Жақында мұнда жаңа омикрон штамы анықталды. Әзірге оннан аса дерек туралы хабарланды. Эпидахуалдың нашарлауына байланысты ертең 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға екпе салдыруға рұқсат беру мәселесі талқыланады. Мақұлданса, бұл топтағы бүлдіршіндер қаңтардан бастап вакцина қабылдай бастайды.