ДДСҰ: «Омикрон» ажал әкелген жоқ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, коронавирустың осы омикрон штамынан әлемде қазірге дейін ешқандай өлім-жітім тіркелмеген.

Ұйым өкілдері жаңа штамның адамнан адамға қаншалықты тез жұғатынын және оның қаншалықты ауыр болатынын білу үшін бірнеше апта керек дейді. Дегенмен сарапшылар алдағы уақытта Еуропада індет өршуі мүмкін деп топшалайды.

Еске сала кетейік, қарашада Ботсвана мен Оңтүстік африка республикаларында коронавирустың жаңа штамы тіркелгені хабарланған. Мамандар омикрон деп аталған штамм өзге бір аурудан иммунитеті әлсіреген адамнан пайда болған деп болжам жасап отыр.