loader

Брюссельде мыңдаған адам коронавирусқа қарсы шектеулерге наразылық білдірді

Брюссельде мыңдаған адам коронавирусқа қарсы шектеулерге наразылық білдірді

Бельгия астанасы Брюссельде мыңдаған адам көшеге шығып, коронавирусқа қарсы шектеулерге наразылық білдірді. Бейбіт басталған шеру соңы тәртіпсіздіктерге ұласып, полициямен қақтығыс болды.

Шерушілер алдымен қала көшелерімен жүріп, биліктің қоғамдық орындарда ковид-төлқұжат енгізуіне қарсылық білдірген. Алайда кей топтар тәртіп сақшыларына отшашулар мен тас лақтырып, полиция күш қолдануға мәжбүр болды. Бірнеше адам жарақат алып, 20 шеруші қамалған. Бельгияда қазан айынан бастап коронавирустың таралуы күшейген. Осыған байланысты билік елде індетке қарсы шектеулерді қатаңдатты. Мейрамхана, ойын-сауық және спорт орындарында QR код жүйесі енгізіліп, мектептерде бетперде тағып жүру міндеттелген.

Сондай-ақ...