Сауд Арабиясы «Спутник V» вакцинасын алғандарға елге кіруге рұқсат берді

Сауд Арабиясының билігі 2022 жылдан бастап ресейлік «Спутник V» препаратымен вакцинацияланғандарға елге кіруге рұқсат берді.

Осылайша бұл ел «Спутник V» бойынша вакцинация сертификаты бар адамдар бара алатын 102 мемлекеттің қатарына кірді, – деп хабарлады Ресейдің тікелей инвестициялар қоры. Бұл мұсылмандарға Мекке және Медина қалаларындағы қасиетті жерлерге қажылық жасауға мүмкіндік береді. Келгеннен кейін қажылар мен туристер 48 сағаттық карантинді сақтап, ПТР тестін тапсыруға міндеттеледі.

Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың таралу статистикасын жариялады. Өткен тәулікте 6 622 жаңа SARS-CoV-2 тасымалдаушысы анықталды, 278 науқас ауру салдарынан қайтыс болды. Сондай-ақ елде инфекцияға шалдыққандардың жалпы саны 3 497 477 адамды, ал көз жұмғандар көрсеткіші 88 280 адамды құрады. Айта кету керек, елде вакцинация қарқыны әлі де күшейтуді қажет етеді. Қазіргі уақытта 41 миллионнан астам халықтың 13 725 903-і екпенің алғашқы дозасын салдырды, ал 11 762 441 адам егудің толық курсынан өтті.

 

Сондай-ақ...