Канадада қолдан жасалған ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

Канаданың шығысында қолдан жасалған шағын Murphy Rebel ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24» CBC арнасына сілтеме жасап.

Салдарынан ұшқыш пен жолаушы қаза тапты.

Флора көлінің маңында құлаған ұшақты жергілікті тұрғындар тауып алған. Апаттың себебі анықталуда.