Норвегияда тойға барған 120 адам коронавирус жұқтырып алды

Норвегияда тойға барған 120 адам коронавирус жұқтырып алды

Норвегияда бірден 120 адам коронавирус жұқтырып алды.

Оқиға Осло қаласындағы  мейрамханада өткен ұжымдық мерекеде тіркелген. Дертке шалдыққандардың 13-інен омикрон штамы анықталды.  Жалпы Норвегияда қыркүйек айының соңында індетке қарсы шектеулер жеңілдетілген еді. Бірақ қазан айында үкімет тыйымдарды қайта енгізіп, қарашада омикронға байланысты шекарадағы бақылауды қатаңдатқан.

Австралия парламенті коронавирустан уақытша жабылды

Ал Австралия парламентінде бір адам коронавирус жұқтырып, заң шығару органы уақытша жабылды. Жергілікті ақпарға қарағанда вирус «жасылдар» партиясы лидерінің көмекшісінен анықталған. Осыған байланысты ғимаратқа кіру қатаңдатылып, бетперде тағып жүру міндеттелген.