Чилиде 600 мыңға жуық балаға вакцина салады

Чилиде 3 пен 5 жас аралығындағы балаларға вакцина салу басталды.

Бұл туралы Чили денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Сәбилерге қытайлық CoronaVaс препараты егіледі. Вакцинаның бұл түрі әбден зерттеліп барып таңдалған. Препараттың балаларға жанама әсері аз көрінеді. Екпе алдымен созылмалы аурулары бар балаларға салынады. Барлығы 600 мың балаға вакцина салу көзделіп отыр.