loader

Брюссельде кәсіподақтар жалпыұлттық ереуіл жариялады

Брюссельде кәсіподақтар жалпыұлттық ереуіл жариялады

Корольдіктегі үш ірі кәсіподақ мүшелері биліктен жалақыны өсіріп, электр энергиясының бағасының қымбаттауына қарсы шаралар қабылдауды талап етіп жатыр. Шеруге 6 мыңнан астам қоғамдық көлік жүргізушілері қатысты. Салдарынан шаһарда көлік қатынасы тұралап, тұрғындар ыңғайсыздыққа тап болды.

Жан-Мишель Каппон, SETCA-BBTK кәсподағының басшысы:

- Үкімет еңбекақыны ұлғайтуға тыйым салатын заңның күшін жоюы керек. Бұл Бельгияда ғана емес, жалпы Еуроодақта өзекті мәселе. Себебі мұнай, бензин, электр энергиясы қымбаттап жатыр.

Сондай-ақ...