Италияда вакцина салғызбағандарға шектеу шаралары күшейтілді

Италияда коронавирустың таралуын тоқтату үшін шектеулерді күшейтті.

Жаңа тәртіпке сай мейрамхана, дәмхана, кинотеатр және түнгі клубтарға тек вакцина салдырғандар ғана кіре алады. Ал қоғамдық көліктерде жүру үшін теріс нәтижелі ПТР-тесті болуы қажет. Полиция автобустар мен метроларда құжаттарды тексере бастады. Заңды бұзғандарға 450 еуро көлемінде айыппұл салынады. Италияда халықтың 80 проценті коронавирусқа қарсы егіліп, 15 проценті ревакциналанған.

БЛИЦ:

- Мен жаңа ережелерді қолдаймын. Бұл қазіргідей жағдайдан шығудың жалғыз жолы.

- Бұл дұрыс шешім. Адамдар вакцинаға қарсы әрекет етуін тоқтатуы керек.

Сондай-ақ...