Германия Иранның ядролық келісімшартын қабылдамады

Германия Иранның ядролық келісімшартын қабылдамады

Германия Иранның ядролық келісімшарт бойынша жаңа ұсыныстарына көңілі толмайтынын жеткізді. Тегеран Венада өткен ядролық келіссөздің 6-шы кезеңінде бұған дейін қол жеткізілген барлық келісімді бұзып, өзге ұсыныстар жасаған. Бұл туралы осы елдің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Андреа Зассе мәлім етті.

Еске сала кетейік, өткен аптада Венада 5 ай үзілістен кейін Иран мен АҚШ және 4+1 елдер арасында Ислам республикасымен ядролық келісім-шартқа байланысты келіссөз басталған. Бірақ Иранның жаңа президенті Ибрахим Раисидің делегациясы өзінің ұстанымын қатаңдатып, келісім-шартқа отырудың алғашқы қадамы ретінде АҚШ-тан санкцияларды алуды талап еткен еді.