Панамада есірткі саудасымен айналысқан екі топ талқандалды

Панама билігі есірткі саудасымен айналысқан екі ірі қылмыстық топты талқандады.

Екеуі де Шығанақ кланы деп аталатын ұйым құрамына кірген. Елдің арнайы қызметтері Колон қаласында өткізген операция барысында 10 миллион доллар тәркіледі. Адам саудасына қатысы болуы мүмкін 60-тай адам құрықталды. Қылмыскерлерді ұстау үшін Панама Қауіпсіздік министрлігі АҚШ, Колумбия және Коста-Рика құқық қорғау органдарымен бірігіп жұмыс істеген.

Хуан Пино, Панама Қауіпсіздік министрі:

– Олар Орталық Америкадағы есірткінің заңсыз айналымы мен жеткізу жолдарын толық бақылайды. Сондықтан Панама, Коста-Рика мен Гондурастағы қылмыстық топтармен байланыстарын күшейтті. Бұл Кариб теңізі аумағында қылмыспен айналысатын ең қуатты ұйым.