Джонс Хопкинс университеті әлемдегі коронавирус статистикасы туралы мәліметтерді жариялады

Джонс Хопкинс университеті әлемдегі коронавирус статистикасы туралы жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемия басталғаннан бері 266,4 миллионнан астам covid-19 инфекциясы анықталды, 5 262 767 адам қайтыс болды. Инфекцияны анықтаудың 20 миллионнан астам фактісі бар елдердің қатарына халқы ең үлкен мемлекеттер-АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді. Америка Құрама Штаттарында індетке шалдыққан адамдар саны- 49 278 711, ауру салдарынан көз жұмғандар саны-789 745. Үндістанда-34 648 383 адам вирум жұқтырған болса, 473 757 адам қайтыс болды. Бразилияда барлығы 22 147 476 дерек тіркелгег, оның ішінде 615 744 адам қайтыс болды.

Халықаралық валюта қоры коронавирус пандемиясымен күресу және мемлекеттердің экономикалық тұрғыда қалпына келуін қолдау үшін ынтымақтастыққа шақырады. ХВҚ басшысы Кристалина Георгиеваның бұл мәлімдемесі әлемнің 40-тан астам елінде коронавирустың жаңа «омикрон» нұсқасының таралуына байланысты жасалды. Қытай тарапының бастамасымен шақырылған 1+6 форматындағы дөңгелек үстел отырысында Георгиева: «Әлемдік экономиканы қалпына келтіру көптеген қауіп-қатерлерге, соның ішінде эпидемияға қатысты белгісіз жағдайларға тап болуда», - деді. ХВҚ басшысы қордың пандемияға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша және дамушы елдерде вакцинациялауға көмек көрсету жөніндегі ұсыныстарын жүзеге асыру үшін шұғыл іс-қимыл қажет екенін атап өтті.