Францияда жарылыстан ғимарат опырылып құлады

Францияның оңтүстігінде үшқабатты ғимаратта жарылыс болды. Салдарынан 1 адам көз жұмды. Тағы 5 адам және 1 бала үйінді астында қалған.

Қазір оқиға орнында ондаған құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Жарылысқа жақын жердегі үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Оқыс оқиғаға газ жүйесіндегі ақау себеп болған.