Өзбекстандықтар Жаңа жылды отшашусыз қарсы ала ма?

Өзбекстандықтар жаңа жылды отшашусыз қарсы алулары мүмкін. Өйткені көрші ел билігі қауіптілігі жағынан екінші санатқа жататын пиротехникалық заттарды өндіруге, импорттауға, сатуға, сақтауға және пайдалануға тыйым салды.

Өзбектер өз еріктерімен аулаларында фейерверк атып, петарда жара алмайды. Бұл – қауіпсіздік мақсатында қолға алынған сақтық шарасы. Дегенмен үшінші және төртінші санатқа жататын пиротехникаларды Өзбекстан аумағында пайдалануға рұқсат бар. Яғни бұл – ауқымды мерекелердегі үлкен отшашулар. Қазір Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі осы санаттағы пиротехникаларды елге кіргізу тәртібін бекіту жайын қарастырып жатыр.