Швеция жағалауында контейнер тасымалдаушы кеме өртеніп жатыр

Швецияның батыс жағалауында төрт күннен бері контейнер тасымалдаушы кеме өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жаумен күреске бірнеше арнайы тік ұшақ пен кеме жұмылдырылған. Алдын-ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына ағаш жүк себеп болған. Бұл құтқарушылардың жұмысын қиындатты. Дегенмен өрт сөндірушілер жағдайды өз бақылауына алды.