Мәскеуде соңғы 72 жылда жаумаған қар түсті

Ресей астанасында қар қалың түсті. Бұған Жерорта теңізінен келген жылы атмосфералық ағыс әсер еткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел астанасының әуежайларында 30 рейс кейінге қалды. Қалаға кірер жолдарда жүк көліктері ақ қиыршық қарға малтығып, бірнеше шақырымға созылған кептелісте тұр. Соңғы 72 жылда бұл күні осыншама қар жаумаған.

Синоптиктер Мәскеуде алдағы екі күнде әлде де қар жауады деп ескертіп отыр.

Сондай-ақ...