Ирактағы жарылыс төрт адамның өмірін қиды

Ирактың Басра қаласында лаңкестік әрекеттен 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24.

Тағы төртеуі жараланған. Содырлар бомбаны мотоциклге жасырып, оны аурухананың маңына әкеліп қойған. Содан қашықтан отырып, жарып жіберген. Аурухана маңында бірнеше көлік өртеніп, бейбіт тұрғындар жапа шекті. Шабуылды кімдер жасағаны әзірг белгісіз. Қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.