Нигерияда содырлар жолаушылары бар автобусты өртеп жіберді

Нигерияның солтүстік-батыс Борно штатында террористер адамдарымен бірге автобусты өртеп жіберді.

Кем дегенде 30 адам қаза тапты.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Белгілі болғандай, Гидан Бава ауылының тұрғындары облыс орталығы Сабон Бирниге бет алған кезде жол бойында содырлардың шабуылына ұшыраған.