Ресейде ана өлімі көбейіп барады

Ресейде коронавирустан ана өлімі жиіледі. Осы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, биыл жұқпалы індеттен ана өлімі өткен жылмен салыстырғанда үш есе артқан, деп хабарлайды Хабар 24.

Дәрігерлер вирустан көз жұмған әйелдердің екпе салдырмағанын айтады. Ресейде аяғы ауыр әйелдерді 22 аптадан кейін вакциналау қолға алынған. Мамандар бала көтеруді жоспарлаған келіншектерге де егілуге кеңес беріп отыр.

Мария Милютина, дәрігер:

– Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, күн сайын коронавирустан екі жаңа босанған және бір жүкті әйел көз жұмады екен. Бұл өте алаңдатарлық жағдай. Індеттен қайтыс болған жандардың бәрі екпе салдырмаған. Қазір елдің әр аймағында жүкті әйелдердің тек 1,5 проценті ғана коронавирусқа қарсы егілген.