Ғалымдар омикрон штамын суретке түсіріп алды

Гонконг университетінің ғалымдары алғаш рет омикрон штамын суретке түсіріп алды, деп хабарлайды «Хабар 24» mir24.tv сілтеме жасап.

Зерттеушілер вирус жұқтырған маймылдың бүйрек жасушасының электронды микросуретін жасады. Қатты ұлғайту кезінде бетінде тәж тәрізді ұштары бар сфералық объектілердің шоғырларын көруге болады.

Коронавирустың омикрон штамы вакцина болуы мүмкін деген де ақпарат тараған.