Австралия дипломатиялық бойкотқа қосылды

Австралия АҚШ-тың Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындарына жариялаған дипломатиялық бойкотқа қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы осы елдің премьер-министрі мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр ауданындағы адам құқығының бұзылуы мен Бейжіңнің Австралияға енгізген сауда санкциялары себеп. Бірақ саяси ықпал шарасына қарамастан Австралия спортшылары олимпиадаға қатысатын болады.

Еске сала кетейік, кеше АҚШ Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындарына, дипломатиялық бойкот жариялап, ресми өкілдерін жібермейтінін мәлімдеді.