Бангладеште студентті өлтірді деген 20 адам өлім жазасына кесілді

Бангладеш соты 2019 жылы Бангладеш инженерлік-технологиялық университетінің студенті Абрар Фахадтың өліміне кінәлі деп танылған 20 адамды өлім жазасына кесті, деп хабарлайды «Хабар 24» The Bangladesh Observer сілтеме жасап.

Сот отырысына 25 айыпталушының 22-сі қатысқаны атап өтілді. Олардың жиырмасы өлім жазасына кесілді. Бесеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бангладеш университетінің 21 жастағы студенті Абрар Фахад 2019 жылдың 7 қазанында өлі күйінде табылды. Ол Facebook-те билікті сынаған жазбалары үшін азапталған.